Ереже

«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

І.Жалпы ережелер

1. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және зандарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттіқ тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай- ақ Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттар болады.

4. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық — құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік бәрілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық — құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен орал қалалық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесі басшысың бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымды мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды түлғаның орналасқан жері: индекс 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Достық-Дружба атындағы даңғылы 182/1.

9. Мемлекеттік органның толық атауы — «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы ереже «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінең жүзеге асырылады.

12. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

II. Мемлекеттік органнын миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, қықұқтары мен міндеттері.

13. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі миссиясы: қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады

14. Міндеттері (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3 «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 590-2 «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы»).

1) қалада мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыстың және қала әкімдіктерінің, Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының Бөлім құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жасайды;

2) қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады;

3) ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;

4) ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

5) қалада болып жатқан қоғамдық — саяси процестерге және оның даму барысына жан — жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды;

6) қалалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады;
7) қаладағы қоғамдық — саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік — саяси зерттеулер жүргізеді;

8) қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;

9) әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді;

10) қала әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады;

11) ішкі істер органдармен жұмыс жасау.

15.Функциялары (ҚР 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3 «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңы, ҚР 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы, ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», ҚР 2008 жылғы 20 қазандағы № 70-IV ЗРК «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңы):

1) ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық — саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;

2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыс пен қала әкімдіктерінің, Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

3) Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, қала әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;

4) қала туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі қала әкімдігінің жұмысына қатысады;

5) Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының, қала әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;

6) Бөлім атқарған жұмыстары жөнінде Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасына үнемі есеп беріп отырады.

7) бөлім құзырына кіретін мәселелер жөнінде қаладағы мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамыз етеді;

8) қала әкімі аппараты қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етеді.

9) облыстық және қалалық қоғамдық —саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

10) ауылдық округтер әкімдерінің, қаланың мемлекеттік мекемелерінің, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;

11) қаланың ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша қалалық әкімдіктің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;

12) БҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясына және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді;

13) ішкі саясат саласында, ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

14) бөлімнің құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;

15) саяси партиялармен, ұлттық — мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады;

16) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және қалалық ғылыми — практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

17) қала әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Бөлім құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми- зерттеу жұмыстарын орындайды;

18) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады

16.Құқықтары мен міндеттері (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-ІІІ «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Үкіметтін 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» қаулы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы).

1) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Бөлім құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;

2) ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде қала әкіміне ұсыныстар енгізеді, Бөлімге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;

3) Бөлімнің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға тапсырмалар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай —ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;

4) қалалық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясаты мен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі қалалық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;

5) Бөлім құзырына кіретін ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларыны ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;

6) Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

III.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің лауазымына қызметке қала әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі: бөлімге жалпы басшылық жасайды;

«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21.Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

IV.Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда ) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншілікке жатады

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және каржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген каражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

V. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.