Есептілік

Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің 2018 жылы бойынша атқарған жұмыстары бойынша ақпарат

Бөлім жастар саясатын жүзеге асыруда, жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын, жастардың бастамаларын қолдау бағытында жұмыстар атқарады. Жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын, жастардың бастамаларын қолдау бағытында жастар ұйымдарының ролі өте зор. Қазіргі уақытта қала бойынша 63 жастар ұйымы тіркелген, соның 23-і мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жастармен белсенді жұмыс жүргізуде.

         2018 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүргізу шеңберінде жастар ұйымдарының әлеуетін пайдалана отырып әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін 12,9 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген болатын. Осы қаражат шеңберінде жастардың әртүрлі бағыттағы мәселелерін шешуді көздейтін 9 әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылды.  Соның ішінде, еріктілер қозғалысын дамытуға, жастардың діни сауаттылығын арттыруға, құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыруға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған тұлғаларды қоғамдық өмірге тартуға, отбасы құндылықтарын жастар арасында насихаттауға, Орал қаласында КТК Фестивалін ұйымдастыру және өткізу, «Биші қала» Фестивалін ұйымдастыру және өткізу, Халықаралық жастар күніне арналған шараларды ұйымдастыру және өткізу және басқа да жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған шаралар жүзеге асырылды. 

         Мемлекеттік жастар саясатын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар қоғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдармен шаралар жүзеге асырылуда.

Атап айтсақ, а.ж. 12 сәуір күні Орал қаласы бойынша волонтерлік корпусты дамыту мақсатында Орал ақпараттық технологиялар колледжі студенттеріне Орал студенттер альянсы» КҚ дәрістер мен тренинг өткізіліп, бейнероликтер көрсетілді. Аталмыш шараға барлығы 100 адамға жуық адам қатысты.

26 сәуір күні «Орал студенттер альянсы» КҚ бастамасымен тайм менеджмент пен волонтерлік жұмыс тақырыптары бойынша семинар тренингтер өтті. Шараға жоғарғы және арнаулы оқу орындарының 27 АСКері қатысты. Коучер ретінде халықаралық Astana EXPO-2017 көрмесінің волонтері Ибраев Адильбек және волонтер-амбассадор Габдуллина Самал өткізді. Тренингке қатысушылар өмірлік ұстанымдарын дұрыс қоюды, уақытты тиімді пайдалануды, күндік жоспарын қойып қадағалауды үйренді. Франклин теориясы бойынша уақытты пайдалануды ұғынды. «Мен - волонтер» тренингі барысында АСКерлер волонтерлік туралы білімдерін жоғарылатты және топпен жұмыс істеуді үйренді.

2018 жылдың 27 сәуірі күні Шабыт ШБО ҚБ Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "JAN'A SERPILIS" атты "Студенттік көктем - 2018" фестивалін өткізді. Фестиваль талантты жастарды анықтауға және қолдауға бағытталған. Бір сахнада қаламыздың 4 ЖОО 8 аталым бойынша кездесті. Фестиваль қорытындысы: жалпыкомандалық есепте 1 орынды М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 2 орынды - КазИИТУ ҒБК, 3 орынды Жәңгір хан атындағы БҚАТУ иеленді. Фестивальге 600-ден астам адам қатысты.

31 мамыр 2018 жылы халықаралық Балаларды қорғау күніне орай «Балалардың күлкісі – көркі мен сәні әлемнің» атты қайырымдылық акцияны өткізді. Іс-шара облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін өткізілді. Іс-шара барысында балалар үшін музыкалық ойындар ойнатылды, асфальтта сурет салу, боди арт және тегін балмұздақ таратылды.

2018 жылдың  21 шілдесінде Шалқар көлі жағасында балалар үйі тәрбиеленушілеріне бір күндік оқу-танымдық лагері өткізілді.  

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай қаламыздың белсенді жастарымен және студенттік ортаның көшбасшыларымен бейресми форматта кездесу  өткізіліп, оның барысында жастар қазіргі таңдағы жастарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер төңірегінде сөз қозғап, өз ойларымен еркін түрде бөлісті. Сонымен қатар, Халықаралық жастар күніне орай Тұңғыш Президентіміз атындағы алаңда Қазақстан эстрадасының танымал жұлдыздары Дана Кентай мен BN тобы және жергілікті өнер жұлдыздарының қатысуымен үлкен мерекелік концерт өтті.

12 тамыз жастар күніне орай Қалалық мәдениет және демалыс саябағы жанында «Youth day» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталмыш шараға саябақтың келушілері қатысты. Көрермендер үшін концерттік бағдарлама өткізілді.

26 тамызда Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында заманауи би түрлерінен «Биші қала – Танцующий город – JAYIQ DANCE FEST» Халықаралық фестивалі оздырылды. Фестивальде Ресейдің Мәскеу, Самара, еліміздің батыс қалалары – Ақтөбе, Атырау, Жаңаөзен және тағы да басқа қалалардан қатысушылар бақтарын сынап, өз өнерлерін көрсете алды. Қатысушылар саны – 194, көрермендер – 500-600.

А.ж. 4 қыркүйегінде қала күніне орай Орал қаласы әкімінің кубогіне КВН фестивалі өтті. Оған Алматы, Қызылорда, Ақтөбе қалалары және Маңғыстау облыстарынан және жергілікті командалардан жалпы саны 8 команда қатысып, өз бақтарын сынады. Жиналған халық саны – 3500 адам.

«Blog Challenge» волонтерлерге арналған квест ойыны шеңберінде 8 қыркүйек күні қаламыздың 8 үлкен алаңында шаралар ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар онлайн-тіркелу арқылы тіркелген болатын. 40 адамның үстіндегі қатысушылар квест талаптарына сай 8 алаңда шаралар өткізді.

2018 жылдың қыркүйегінде «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өмірде «өз жолын тапқан» балалар үйінен шыққан табысты азаматтармен  балалар үйінің  тәрбиеленушілерімен кездесуін ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балалардың күзгі демалыстарын қызықты өткізу мақсатында «Балдырған шақ» тақырыбы аясында «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен интеллектуалдық квест ойыны өткізілді. Жалпы балалар ауылынан 40-қа жуық әр түрлі жас аралығындағы балалар қатысты. Еріктілер балаларды 4 топқа бөліп, бір-бірімен өзара сайысқа түсті.

 

2018 жылдың  29-30 қазанында Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің арасында спорттық ойындар бойынша жарыс өткізілді. Жарыстар спорттық ойындардың алты түрі бойынша өткізілді. Атап айтқанда ұлттық ойындардан арқан тартыс, асық ату және көңілді эстафета, пионербол, дойбы, үстел теннисі сияқты спорттың кең тараған түрінен жарыстар балалардың көңілінен шығып, балалар ерекше белсенділік танытты. Ойындарға «Намыс» спорт клубынан келген қазылар алқасы төрешілік етті. Жарыс соңында балаларға диплом, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды. Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиенелушілерінің арасында «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!», «Күн шуағы!», «Сенімділік күш береді» атты семинар-тренингтер өткізілді.

А.ж. 5 қарашасында «Үздік ерікті – 2018» еріктілер премиясы салтанатты шарасы оздырылды. Шараға 100-ден астам белсенді волонтерлер қатысып, 10 еріктіге «Үздік ерікті – 2018» аталымы бойынша естелік сыйлықтар мен диломдар табысталды.

Сонымен қатар, Орал қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №3589 қаулысына сәйкес «Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын. Аталған мекеменің құрылымы Жастар бастамаларын қолдау, Консультациялық қызметтер көрсету, Мониторинг және ақпараттық талдау бөлімдерінен тұрады.

 

 

Орал қаласы бойынша діни ахуал туралы ақпарат

Орал қаласының территориясында 24 діни бірлестік бар, оның ішінде: 3 сунниттік бағыттағы ислам, 11 православиелік бағыттағы бірлестік, 8 протестанттық бағыт, 1 католик шіркеуі, 1 буддалық.

Облыс орталығындағы дәстүрлі ислам ұстанушыларының саны 2820 адамды құрайды. Облыс бойынша 7 мыңға жуық адам ірі діни мерекелерде мешіттерге барады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Жастардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған шараларды өткізу» жобасын жүзеге асыруға биылғы жылы 800 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген болатын.  Қазіргі таңда аталған жобаны «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі байқау арқылы ұтып жүзеге асырды.

Дін саласындағы профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында фейсбук әлеуметтік желісінде «Руханият Орал» парақшасы ашылған болатын. Аталған парақшаны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Жастардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған шараларды өткізу» жобасын жүзеге асырушы «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі жүргізеді. Қазірдің өзінде аталған аккаунттың 1000-нан астам оқырмандары бар.

Қазіргі таңда Орал қаласындағы 3 мешітте діни білімі бар 7 теолог маман жұмыс жасайды.

Қаламызда дін мәселесі бойынша, атап айтсақ, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі діни экстремизм мен терроризмді алдын-алуға бағытталған шаралар жүзеге асырылып жүр.

Соның ішінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Жастардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған шараларды өткізу» жобасы бойынша 2018 жылдың 29 наурызында теолог-мамандардың қатысуымен Орал қаласының мектеп оқытушыларына арналған «Дәстүрлі емес діни ағымдардың және «жаңа» діни ілімдердің» таралуы» тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына БҚО дін істері басқармасының, дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтары және қалалық мешіттің имамдары қатысты. Семинардың мақсаты – еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау, жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықты насихаттау, жастарды жат ағымнан сақтандыру, Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру болып табылады.

 Сондай-ақ, а.ж. 12-26 сәуір аралығында қаланың №22, №36, №38, №41, №44, №46, №34, №33 ЖОББМ мектептерінің, №27 мектеп-лицейінің  9-11 сынып оқушыларымен жастардың діни сауаттылығын аттыруға бағытталған кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулердің мақсаты – еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау, жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, жастарды жат ағымнан сақтандыру.

А.ж. 5 мамыры күні жоғары және арнайы оқу орындары студенттері арасында «Діни сауатсыздық – теріс ағымдардың таралуының негізі» атты интеллектуалды пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, БҚИТК және БҚИТУ-нің пікірсайысшылары қатысты. Жалпы есеппен турнирге 15 команда қатысты. А.ж. қыркүйек-қазан айларында теолог мамандар, дәстүрлі дін және мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен ЖОО және колледж жастарымен кездесулер, діни экстремизмді алдын алу мәселелері бойынша конференция өткізу жоспарлануда. 

А.ж. 14-18 мамыр күндері аралығында қаламызға дін саласы бойынша республикалық ақпараттық түсіндіру тобы (РАТТ) келді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес РАТТ мүшелері Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің доценті, псиxолог, PhD докторы Алия Аманғалиқызы Төлегенова және қоғамдық процестерді зерттеу және талдау орталығы қоғамдық қорының атқарушы директоры, дінтанушы Толғанай Вагизқызы Мұстафина - 16 мамыр күні Гагарин атындағы балалар және жасөспірімдер кинотеатрында "Зайырлылық - қазақстандық қоғамның руxани дамуының кепілі" - "Светскость - основа дуxовного развития казаxстанского общества" тақырыбында аула клубтарының әдіскерлері және меңгерушілерімен (100-ден астам адам) кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында діни экстремизм мен терроризмді алдын-алу, діни сауаттылықты арттыру, теріс діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру.

 18 мамырда РАТТ мүшесі, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің доценті, псиxолог, PhD докторы Алия Аманғалиқызы Төлегенова Жәңгір xан атындағы БҚАТУ-ң базасындағы «Студенттер үйінде» аталған ЖОО студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге 100-ге жуық студенттер қатысты. Шараның соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасылды. Шараның мақсаты студенттерді қоғамда дәстүрлі дінге жат, түрлі теріс пиғылды діни ағымдардың туындауына себепші болған терроризм және экстремизм идеяларынан сақтандыруға арналды.

Сонымен қатар, а.ж. 18 мамырында РАТТ мүшелері Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің доценті, псиxолог, PhD докторы Алия Аманғалиқызы Төлегенова және қоғамдық процестерді зерттеу және талдау орталығы қоғамдық қорының атқарушы директоры, дінтанушы Толғанай Вагизқызы Мұстафина қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында қаламыздың шағын және орта кәсіп иелері, соның ішінде, кәсіпкер әйелдермен кездесу өткізді. Кездесу барысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде және діни экстремизм мен терроризмді алдын-алу шаралары туралы тақырыптар талқыланып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берілді.

А.ж. 1 тамызында Д.Нұрпейісова атындағы арбатта және 12 тамызда «Мирлан» орталық базарында «Жайық таңы» ҚБ «Теріс ағымға жол жоқ» тақырыбында жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында қала тұрғындары арасында  түсіндірме жұмыстары бойынша акциялар ұйымдастырды. Тұрғындарды, соның ішінде жастарды имандылыққа тәрбиелейтін шарада ұйымдастырушылар жиналғандарды ізгілікке, үлкенді сыйлауға, діни сауатты болуға шақырып, еліміздегі түрлі діни ағымдардың сипаты жайында әңгімелеп берді.  Теолог мамандар Әсет Раманқұлов пен Наурыз Ұбаев  жастарға білім алудың маңызын, адамзатты қайырымды болуға баулуда ислам дінінің рөлін түсіндірді. Тәрбиелік маңызы зор тағылымды шара соңында тұрғындарға тақырып аясында жадынамалар таратылды.

А.ж. 28 қыркүйегінде «Рухани құндылық – діни сауаттылық негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға философия ғылымдарының кандидаты, М.П.Драгоманов атындағы Ұлттық  педагогикалық университетінің доценті Д.Брилев, Башқұртстан Республикасы, Уфа қаласы, Ресей мұсылмандары Діни басқармасының Ресей ислам университетінің проректоры М.Ахметов, ф.ғ.д., «Нұр-Мүбәрак» Қазақстан-Египет ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасының профессоры Қ.Затов, «Интеллектуальный путь» қоғамдық ұйымының төрағасы Д.Грачев баяндамаларын оқыды. Және конференция барысында ЖОО студенттері аталған тақырып төңірегінде өз мақалаларын жазып, көпшілік назарына ұсынды.

Ағымдағы жылдың 5-15 қарашасы аралығында «Тұрақтылық – ел қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында онкүндік өткізілді. Онкүндік аясында 5-9 қараша аралығында Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің базасында Орал қаласының дін мәселелері бойынша АТТ (ақпарттық-түсіндіру тобы) мүшелері қаланың арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне семинар-тренингтер өткізді.  Оның барысында 150 студент қамтылды.

Сонымен қатар, Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің  «Аю Синема» ЖШС және «Хабар» агенттігімен жүргізген келіссөздері нәтижесінде отандық «Шестой пост» кинофильмі алынып, Ю.Гагарин атындағы балалар және жасөспірімдер кинотеатрында қаланың барлық ЖОО және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне көрсетілуде. 12 қарашада Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да 650 студентке аталған фильм көрсетілді. Барлығы 4000 студентті қамту көзделген.

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ЖОО және арнаулы орта оқу орындарының 1-2 курс студенттеріне М.Томановтың «Жәннат» театрландырылған қойылымы көрсетілді. Аталған қойылымды театр ұжымы а.ж. 8 қарашасында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың 650 орындық акт залында  қойды. Кестеге сәйкес, 8 қараша – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, 10 қараша – Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж, 13 қараша – ҚазИИТУ ғ.б.к. және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, 27 қараша – М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері қатыстырылды.

Қарашаның 10-ы күні Орал спорт клубында Тәжиден батыр атындағы қалалық мешітпен бірлесе отырып, мешіт жамағаты және жастардың қатысуымен шағын футболдан кездесу өтті. Кездесу соңында қатысушылар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Онкүндіктің аясында 6250 адам қамтылды.

Орал қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №3589 қаулысына сәйкес «Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын. Аталған мекеменің «Консультациялық қызметтер көрсету бөлімінде» дін мәселесі бойынша екі маман жұмыс жасауда.

2018 жылдың маусым айында Орал қаласы ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және Тәжиден Батырұлы атындағы мешітімен бірлесе отырып,  «Некенің берекеті білімде» тақырыбында жас отбасыларға және қала жастарына танымдық рухани кездесу өткізілді. Кездесуге Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Эльмира Сралиева, ресурстық орталықтың теолог маманы Әсет Раманқұлов  қатысты. АХАТ бөлімінен келген Э.Сралиева Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы заңының баптарымен таныстырса, теолог маман Әсет Раманқұлов отбасы – адам баласының алтын діңгегі екенін баяндап, некенің маңыздылығы туралы уағыз-насихатын айтып, жиналған қауымға жақсылық пен береке тіледі. Кездесуде аталмыш тақырып кеңінен ашылып, жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға мамандар толық жауап берді.

2018 жылдың шілде-қыркүйек айларында Орал қаласы Тəжиден Батырұлы атындағы мешітте Орал қаласы ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және Тәжиден Батырұлы атындағы мешітімен бірлесе, жастарға арналған теологиялық бағытта кеңес өткізді. Шараның басты мақсаты - жастар арасында діни сауаттылықты арттыру болып табылады. Кеңесте Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог мамандары Ə.Раманқұлов, А.Наурызов қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

2018 жылдың қыркүйек-қазан айында Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында студенттердің теолог мамандармен кездесуі оздырылды.Теолог мамандар Қазақстанда дәстүрлі саналатын ислам дініндегі таным-түсінік өлшемдерін нақты көрсетіп, елімізде тыйым салынған ислам атын жамылған экстремистік ағымдардың бұрыс көзқарастары мен идеяларын талқылап берді. Сонымен қатар студенттерге жастардың экстремистік санадағы ұйымдар қатарына қосылу себептері мен салдарларын түсіндіріп, мұндай ұйымдарға алданып қалмас үшін ақыл-кеңестерімен ұсыныстарын айтты. Кездесу барысында студенттер теологиялық сипаттағы бірқатар сұрақтарына жауаптарын алды.

Барлығы 85 кездесу, 3 акция, 7 семинар, 1 конференция, 1 дебаттық турнир  өтіп, 8 мыңнан астам адам қамтылды.

Сонымен қатар, дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу, діни экстремизмнің алдын алу, конфессияаралық келісім мен толеранттылықты арттыру бойынша медиа-жоспарға сәйкес ақпараттық-түсіндірмелі топ мүшелері БАҚ беттерінде ай сайын мақалалар жариялап, теле және радиобағдарламарға қатысып, сұхбат беріп жүр. БАҚ-та барлығы 64 жарияланым шықты.

Мемлекеттік рәміздердің Орал қаласындағы қолданылуын бақылау және тұрғындар арасында насихаттау  бойынша атқарылған жұмыстар

Мемлекеттік рәміздердің Орал қаласындағы қолданылуын бақылау және тұрғындар арасында насихаттау бағытында Орал қаласы әкімінің жанында мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия тұрақты түрде жұмыс атқарып келеді. Комиссия жарты жылда бір рет өз отырыстарын өткізеді. Комиссияның атқарушы органы болып Орал қалалық ішкі саясат бөлімі белгіленген.

Комиссия отырысының жоспарына сәйкес Мемлекеттік рәміздердің қолданылуын бақылау және насихаттау бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

Қаламызда жылма-жыл Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтіп жүр. Осы жылы да Мемлекеттік рәміздер күні мерекесін тойлау кең көлемде атап өтілді.  3 маусым күні Мәдениет және демалыс саябағында 30-дан астам жастар қатысқан Мемлекеттік Рәміздер күнін тойлауға арналған акция және және 200-ге жуық тұрғындар қатысқан  экспресс-сауалнама жүргізілді.

Мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты, 17 балалар аула клубтарында «Ел рəміздері - ел рухы», «Еліміздің рәміздерін қастерлейік», «Рәміздер - ұлы құндылық» атты тақырыптық сағат т.б. шаралар оздырылды.

Сонымен қатар, Гагарин атындағы балалар кинотеатрында  «Қазақстан Республикасының рәміздері туралы» атты әңгіме сағаты өткізіліп, Мемлекеттік рәміздерге арналған көркемдік кино көрсетілді.

Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша қала аумағында барлық меншік түріндегі мекемелер, әскери бөлімдерде, құқық қорғау органдарында, жастармен және  жоғары оқу орындарымен  жалпы білім беретін мектептерде ҚР Мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттауға бағытталған лекциялар, тақырыптық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және тағыда басқа  да шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері орнатылған қоғамдық орындарда, мемлекеттік мекемелердің сайттарында,  салтанатты шараларда, әскери бөлімдерде, әскери қызметшілердің ант қабылдауында, ЖОО және арнаулы оқу орындарындағы әскери кафедраларда, «Жас Ұлан» ұйымдарында және т.б. үнемі мемлекеттік рәміздер талапқа сай орындалуда.

Қаламызда мемлекететтік рәміздерді дәріптеу, оны тұрғындар арасында насихаттау мақсатында білім беру мекемелерінде түрлі іс-шаралар өткізіліп жүр.

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Орал қаласының әкімдігі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде  азаматтардың қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге арналған белсенді әлеуметтік, қайырымдылық және еріктілік қызметтердің артуы оң нәтиже көрсетуде.

«Туған жер» арнайы жобасы аясында демеушілердің көмегімен бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді.

Елбасының бағдарламасын жүзеге асырудағы жұмыстардың тиімділігін арттыру, өткізіліп жатқан шаралардың жоғары деңгейін қамтамасыз ету және жобалық жүйені енгізу мақсатында «Рухани жаңғыру» жобалық штабы құрылып кіші бағдарламалар бағыттары бойынша жұмыстар іске асырылуда.

 

Атамекен кіші бағдарламасы

2018 жылдың 1 наурызында Орал қаласында ерекше мұқтаж адамдарға арналған үй құрылысы басталды. Осыған орай құрылыс орнында меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар өкілдері қол қойған естелік «Уақыт капсуласын» салу рәсімі өтті.

Мақсаты өңірде сал ауруына шалдыққан, соның ішінде ерекше көмекті қажет ететін жандарға арналған сауықтыру, бейімдеу үйін қолдануға қамтамас ету болып табылады, жоба құны – 200 млн. тг

Ғимарат 12 жатын бөлмеден, 4 ас үйден, 4 демалыс бөлмесінен, 4 жуынатын бөлмеден және шеберханамен жабдықталатын болады. Қазіргі таңда бірінші қабатының құрылыс жұмыстары аяқталып, ары қарай өрлеуде.

Ең ауқымды шараның бірі қала күні мерекесі шеңберінде «Қала күні – 2018» мерекесі аясында «Автокомбинат» ЖШС –нің басшысы Голоухов  Валерий Иванович өз қаражатына «Гауһар» тынымбағын  салып, сыйғатартты.

Сонымен қатар, Ет комбинаты шағын ауданында алғашқы «Денсаулық» саябағы ашылды. Саябақты абаттандыру жұмысы аймақтың медициналық «Туған жерге туың тік» қоғамдастығының бастамасымен жүзеге асырылды. Саябақта жарық шамдары, балалар алаңы, Street Workout алаңы, шағын сәулет нысандары, орындықтар және  саябақтың ортасында «Өмір ағашы» композициясы орнатылған.

Сондай – ақ, 2018 жылдың 12 қыркүйегінде Орал қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткенОрал қалалық маслихатының  кезекті XXV сессия отырысында қаланың мәдениет және демалыс саябағында орналасатын «Қазақстанның киелі жерлерінің3D картасы» кешеніне қаражат бөлінген болатын.

2018 жылдың 12 қазанында Т.Масин көшесіндегі тынымбақты абаттандыру жұмыстары аяқталып, ашылу салтанаты өтті.

Шараға қала әкімі М.МҰҚАЕВ және облыстық мәслихат депутаты Джакупов Жаслан Қабибуллаұлы, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер, қала тұрғындары, жастар қатысты.

Тынымбақты «Батыс Пауэр» ЖШС –нің басшысы Джакупов Жаслан Қабибуллаұлы қала тұрғындарына сыйға тартты.

Одан бөлек 2017 жылы бірқатар демеушілердің қолдауымен тұңғыш Президент алаңында «Джулия»,«Сағат», Д.Нүрпейісова көшесі бойында «Теңге», «Жүрек», «Су колонкасы», «Сағат», «Зенит» завод жанында «Кеме» кіші архитектуралық формаларын, типография аялдамасының жанында «Ару» ағаштан жасалған мүсінді,заманауи спорттық құрал-жабдықпен жабдықталған«Атлант» спорт кешені, «Жайық самалы» бассейні алдында Street workout пен айналасу үшін  спорт алаңын сыйға тартқан болатын.

2018 жылдың 20 қыркүйегінде Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және "Жайық таңы" қоғамдық бірлестігінің бастамасымен қаламызда алғаш рет «Оралым – құтты мекенім» атты түлектер форумы өткізілді. Шараның мақсаты еліміздің азаматы мен азаматшаларында туған елге, туып өскен қаласына деген махаббат сезімін қалыптастыру. Өз елінің тарихына, мәдениетіне және салт - дәстүрлеріне деген құрметін өскелен ұрпаққа үлгі ету. Форум барысында түлектер өз мектептеріне барып, ұстаздарымен және мектеп оқушыларымен кездесіп, ағаш отырғызды. Екінші бөлімі Назарбаев зияткерлік мектебінде ашық түрде қала әкімі М.Мұқаевтың қатысуымен өтті. Шараға өз жетістіктерінің құпиясымен бөлісу үшін «Батыс Қазақстан ЭЖТК» акционері Яхия Чудров, тележүргізуші, актриса Гульнара Сильбаева, БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Бағдат Ізмағанбет, облыстық маслихат депутаты Салтанат Тұманбаева, «Fiesta» дүкен желісінің негізін қалаушы Асхат Рамазанов қатысты.

Орал қаласының әкімі М.Мұқаев және де қоғам қайраткерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, актриса және тележүргізуші Гүлнара Сильбаева, бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысуымен «Жомарт жүрек – 2018» премиясы өтті.

Шараның мақсаты ел арасында жүрген түрлі саладағы азаматтардың, ҮЕҰ, мейірбан, жомарт, қайырымды жандардың туған жеріне, еліне, ауыл-аймағына, мұқтаж жандарға  жасаған жақсылығын   өзгелерге  өнеге  ету, осыған орай, Орал қаласында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға үлес қосқан меценаттарды марапаттады.

 Іс-шара барысында «Автокомбинат» ЖШС -нің бас директоры Валерий Иванович Голоухов «Жыл меценаты» номинациясымен марапатталды.

«Стройкомбинат» ЖШС – нің директоры Нурбаев Бахытжан Аманғалиұлы, облыстық маслихат депутаты, «Айдана» ЖШС – нің директорыАмирханян Аветик Рубенович,«Батыс Пауэр» ЖШС – нің директорыДжакупов Жаслан Кабибуллаұлы, «Водоканал Строй Сервис» директорыМукатаев Ануар Вениаминұлы, «Fiesta» дүкен желісінің негізін қалаушы Рамазанов Асхат Маратұлы, «Галактика»ойын – сауық орталығының директорыТкалун Юрий Владимирович және «Туған жерге туың тік» ҚҚ директоры Дусеев Мурат Баяшұлы «Жомарт жүрек – 2018» премиясының иегерлері атанды.

 

Рухани қазына кіші бағдарламасы аясындажыл басынан бері қала көлемінде 109 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, 9430 адам қатысты.

Қала күні мерекесінде ұлттық өнерді насихаттау мақсатында Жайық өзенінің жағалауында екінші мәрте «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестивалі оздырылды. Аталған фестивалге өңіріміздің танымал дәстүрлі әншілер мен сазгерлері қатысып, жиналған көрермендерге ұлттық құндылығымызды насихаттады.

Ұлттық өнерді дамыту және көпшілікке тарату, жас ұрпақ бойында ұлттық мәдениет пен дәстүрге позитивті көзқарас қалыптастыру, мақсатында «Ақжайық – шеберлер қаласы» атты қолданбалы өнер жәрмеңкесі өтті.

Өзгеде ұлттық құндылықты насихаттайтын шаралар өз жалғасын табуда.

 

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында алдағы 5 жылға 65 жоба жүзеге асыру жоспарланған. Ең ірі жобалардың бірі шаһарымызда ұлы ғұлама ғалымдардың пікірлерін бұқара халыққа насихаттайтын «Ғасырлар тоғысында» атты акция өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – қоғамдық көліктерде ұлы ғұлама ғалымдардың афоризмдерін іліп, барша қала тұрғындарына ой салу.

Солардың ішінде, қалалық білім беру ұйымдарында  "Патриот" айлығы өтті. Бұл шараның мақсаты: 1000-ға  жуық  балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін  көтеру,  азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша  ғылыми негізделген саясат жүргізу, білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие  беруде  мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру.

Оқушылар сарайында «Әкелер форумы» өтті. Форум жұмысына 200 әке, 200 педагог, 50 мектеп басшылары қатысты. Форумның негізгі мақсаты: отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасындағы әке беделін көтеру, отбасы мен бала арақатынасын реттеу.

«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы

Қалалық электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бойынша материалдар кеңінен жарықтандырылуда.

Орал қаласының көшелерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  бойынша 38 көрнекі үгіт құралдары (баннер және пилондар) орналастырылып, Тұңғыш Президент алаңында «Рухани жаңғыру» атты арнайы экспликация жасақталды.

Алдағы уақытта қала көлемінде өтетін әлеуметтік-маңызды және бұқаралық іс-шаралар әрі қарай жалғасын табады.